Тұрсынбектің «Базар жоғы» көрерменге күлкі сыйлады

Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында еліміздің көңілді және тапқырлар клубының белді ойыншысы Тұрсынбек Қабатовтың «Базар жоқ!» атты концерті өтті.

Күні кеше ғана Елордада құрылған «Көңілді тапқырлар театры» Қазақстанның бес қаласын гастрольдік сапармен аралап үлгеріпті. Театр тізгіні кезінде «Аграрка сарбаздары» арқылы аты шығып, кейін көңілділер мен тапқырлар клубы Қазақстан құрамасының басты жұлдызына айналған, халықаралық «Шабыт» фестивалі кубогының иегері Тұрсынбек Қабатовтың қолына тиді.

Кереку еліне ат басын тіреген Тұрсынбек соңғы кезде тек қазақша КВН ойыншысы ғана емес, әзілкеш әртіс ретінде танылып жүргені белгілі. Оның әртістік қырын павлодарлық әзілсүйер қауым да тамашалап қайтты. Мәдениет үйіне жиналған көпшілік концерт барысында астаналық театрдың концертіне емес, көңілділер мен тапқырлар клубының ойынын көруге келгендерін де жасырмады.

«Көңілді тапқырлар театры» тұңғыш концертін неліктен «Базар жоқ!» деп атады деген сауал әр көрерменнің ойында пайда болғаны анық. Бұл сұраққа театр ұйымдастырушы-ларының бірі, Қазақ КВН-і одағының атқарушы директоры Нағи Бақытбеков: «Жаңадан құрылған театрға көрермен тарту оңай шаруа емес. Қазіргі кезде көпшілік қауым арасында «Базар жоқ!» деген сөз тіркесі әжептәуір брендке айналды десем, артық айтпаспын...» деп жауап берді.

«Базар жоқ!» деген «ауызекі» атауға ие концерттік бағдарлама барысында «Азиада» тобы, Медет Шәйкелов, Дос, Алпысбай Боранбайұлы сынды республикаға танымал және жаңадан танылып келе жатқан өнерпаздар қатысты. Қалалық мәдениет сарайының төрінде өнер көрсеткендер қатарында қазақ эстрадасының белді әншілерінің бірі Досымжан Таңатаров да қоңыр дауысымен павлодарлық жамағатты тәнті етті. Сонымен қатар Тұрсынбектің өзі қатысқан «Аграрка сарбаздары» қазақша КВН командасының ойыншылары мен театр пародисі Бақытжан Қасымов та кештің сәтті өтуіне үлестерін қосты.

- Қазақта «Заманы бірдің амалы бір» деген мақал бар. Тұрсынбек екеуіміз замандас болғандықтан, көрерменіміз де бір екені анық. Сондықтан «Базар жоқ!» концертінің жақсы өтуіне үлесімді қосу үшін келдім. Әзіл-сықақ өнерінде көрініп жүрген замандасым Тұрсынбек Астананың мәдениетін дамытуға атсалысып жүрген азаматтардың бірі десем, қателеспеспін, - дейді Досымжан Таңатаров.

Ал театр жетекшісі концерттік бағдарламасының басты жұлдызына айналды. Ол қазақи әзіл-сықақтар айтып, талғампаз көрерменнің көңілінен шықты деуге болады. Бұған көрерменге лық толы зал мен халықтың ризашылығы дәлел.

Тұрсынбек Қабатов бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында «Сын айту – біздің стиль емес» деп кесіп айтты. Театр әртістерінің алға қойған мақсаты халыққа шаттық сыйлаудан шаршамау, ең бастысы көрермен көңілінен шығу болып табылатынын да жеткізді.

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29