ЕЛ ІШІ - ӨНЕР КЕНІШІ

Май ауылының мәдениет үйінде «Ғашықтар айтқан ән мен жыр» атты ән байқауы өтті. Өнерлі жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту мен халыққа таныту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа қатысуға аудан ауылдарының тұрғындары көптеп ниет білдіріпті. Ғашықтық тақырыпта ән шырқау - өнер сайысының басты шарттарының бірі болды.

Май ауылдық округінің әкімі Қайырболат Оразбаев қатысушыларды ыстық ықыласпен қарсы алып, шығармашылық табыс тіледі.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды - Көктөбе ауылының өнерпазы А.Кәрімов, екінші орынды Саты ауылының үмітін арқалап келген Н.Сағалов жеңіп алса, Майтүбек ауылының тұрғыны М.Ағайманова үшінші орынды қанағат тұтты.

М.ИМАНБАЕВ,

Май ауданы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31