КӨРЕРМЕН КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Иса Байзақовтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Аққу дәурен» атты әдеби байқау өтті. Шараға қаламыздың арнаулы орта және жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Қатысушылар алдымен іріктеу кезеңінен өтті. Олардың дайындық деңгейін тексеріп, келесі сайысқа өткізуде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Г.Елеусізова, Ш.Жұмабекова және М.Қыдырқұлова өз үлестерін қосты.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, сайыс қорытындысы бойынша әдеби шеберлігін көрсете білген үздік сайыскерлер анықталды. ПМПИ колледжінің студенттері Отарбай Бекарыс «Көркем оқу» аталымы, Айбек Климов, Мөлдір Тілеуім және Жания Улавхан «Театрлық шеберлік» аталымы, Мөлдір Құмарова «Ән сайысы» аталымы бойынша марапатталып, жүлделерге ие болды.

Шараның өз деңгейінде өткізілуіне қолдау көрсеткені үшін Павлодар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне алғысымызды білдіреміз.

 

М.ҚЫДЫРҚҰЛОВА,

ПМПИ колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті циклдік комиссиясының төрайымы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31