КӨРЕРМЕНДЕРІН Қуантты

Қазақша КВН-нің финалдық ойыны мен қазақ КВН лигасының «Республикалық кубок» арнайы жобасы Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өтті. Көңілділер мен тапқырлар ойыны Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасы мен ішкі саясат басқармасы, Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі қолдауымен, сондай-ақ облыстық «Мемлекеттік тілді дамыту» бағдарламасы мен қалалық «Жастар» кешенді бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

 

Естай атындағы мәдениет сарайында өткен қазақ КВН-нің «Ертіс бойы» республикалық орталық лигасының финалдық ойыны мен тұңғыш рет ұйымдастырылған республикалық кубок ойындарын республикалық қазақша КВН одағының директоры Есен Елеукен жүргізеді деп күтілген еді. Алайда финалдық ойынды жүргізу қазақша КВН одағының атқарушы директоры Нағи Бақытбековтың еншісіне тиді.

Маусымның «Ертіс бойы» лигасының жартылай финалында жиырма команда жарысқа түскен болатын. Ойын нәтижесі бойынша финалдық ойынға Арқалық, Астана, Семей, Степногорск, Орал, Қызылорда, Ақтөбе және Павлодар қалаларының құрамалары жолдама алды. Биылғы қазақша КВН маусымының басты ойынында қаламыздың намысын ПМПИ-дің «ЧП» және С.Торайғыров атындағы ПМУ колледжінің «Ыржи» тобы қорғады. Естеріңізге сала кетсек, алдыңғы жылғы маусымда «Ертіс бойы» аймақтық республикалық лигасының финалдық жарысына алты команда қатысса, биылғы қатысқан командалар саныон.

Ақтық сынға жолдама алған «Ертіс бойы» орталық лигасының үздік командалары сайыстарында өзара бақ сынасып, әдемі ойын көрсетті. Мемлекеттік тілде өткізілетін КВН ойындарына қатысқан топтар көңілге қонымды әзілдерімен барша өнерсүйер қауымға күлкі сыйлады. Екі күнге созылған күлкі мерекесі барысында әзілкеш командалар елімізде болып жатқан саяси оқиғалар, ұлы мерекемізТәуелсіздік күні және тағы басқа өзекті тақырыптарды ойындарының арқауы етті.

«Ертіс бойы» республикалық аймақтық лигасының биылғы маусымы «Республикалық кубок» арнайы жобасымен ерекшеленді. қазақ КВН одағының шешімі бойынша жүзеге асырылған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар жылдың «Кіші кубогы» үшін өнерлерін сарапқа салды. Өңіріміздің намысын «Дарын.kz» және «Селт еткізер» құрамалары қорғады.

Қазылар алқасы құрамында болған қазақша КВН ойындарының редакторы Алмаз Көзілдірік финалда өнер көрсеткен бірқатар командаларға дайындықтың аздығын айтып, жарыстың басты талабытәртіпті сақтауды тілге тиек етті. «Ертіс бойы» республикалық аймақтық лигасының жетекшісі, «Шығармашылық жобалар орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділ Жұмекенов «Жас өркен», «Академия» және «Шәкәрім жастары» топтарының көрсеткен әзілдеріне жоғары баға берді.

Қазылар алқасының шешімімен «Ертіс бойы» республикалық аймақтық лигасының финал ойындарының ең мықты командалары анықталды. Ойынның үшінші орнын оралдық «Жас өркен», Ақтөбелік «Іске сәтжәне Павлодарлық «Ыржи» құрамалары иеленді, екінші орынды «ЧП» мен семейлік «Шәкәрім жастары» командалары қанжығаларына байлады. Қорытынды ойынның бірінші орнын семейлік «Академия» командасының ойыншылары жеңіп алып, келесі қазақша КВН маусымында премьер-лига немесе жоғарғы лигада өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Жеңімпаз және жүлделі командалар мақтау қағаздары мен сәйкес дәрежелі кубоктармен марапатталды. «Республикалық кубок» деп аталған кіші финалдық ойынының жеңіс тұғырынан павлодарлық «Дарын.kz» тобы көрініп, көрермендерін қуантты.

 

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31