БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЕРТЕҢГІЛІК

Биыл Абай Құнанбаевтың туғанына 165 жыл толды. Ұлы ақынның туған күнін атап өтуге барша қазақстандықтар атсалысты.

Қаладағы № 12 балабақша да осы бір үлкен іс-шарадан тыс қалмай, ұлы ақынға арнап ертеңгілік өткізді. Бұл күні ән-күй мұғалімі Әсет Оразбекқызы күй шертсе, балабақша тәрбиешілері Е.Бессарабова, Л.Құсайынова, Л.Фокина, М.Жүнісова, Қ.Егінбаева, Б.Қабдулова, С.Айтқожина Абайдың өлең жолдарын оқып, «Көзімнің қарасы» әнін шырқап, іс-шараны қыздыра түсті. Бүлдіршіндер болса Абай аталарының жыл мезгіліне арнаған тақпақтарын, нақыл сөздерін кезек-кезек жатқа айтты. Сонымен қатар, балалар «Достық» әнін шырқап, «Айгөлек» биін мың бұрала биледі. Бұл іс-шараны ұйымдастырушыларбалабақшаның қазақ тілі мұғалімдері Айгүл Тілегенова мен Ақмарал Жағыпарова. Ертеңгіліктің соңында Абай ауылының әжесі, балабақшаның медбикесі Орынтай Рақымбекова ақ батасын беріп, тәттіден шашу шашып, елге құт-береке тіледі.

 

Шамшат ЖҮНІСҚАЛИ.

Ақсу қаласы.

 

Пікірлер  

 
0 #1 жаңажыл 23.12.2011 01:56
егер сіздерде жаңа жыл туралы бағдарлама болса жіберуіңізді өтінем.
Цитировать
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30 31