МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

 

 Кеше «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығында аудандық және ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар қызметкерлеріне арналған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын клуб мекемелерінде мерекелеу» атты облыстық семинар өтті. Оған облыстық мәдениет басқармасының бастығы Қанат Кәрімов қатысты.

Жиын барысында әр жерден келген мәдениет қызметкерлері өзара тәжірибе алмасып, Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына арналған іс-шаралар жайлы баяндамалар жасады. Павлодар облыстық мәдениет басқармасының бастығы Қанат Кәрімов аудандық және ауылдық мәдениет үйлерінде мереке аясында жүзеге асырылатын тапсырмаларды бекітті. Оның айтуынша, ҚР Тәуелсіздігін мерекелеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік комиссия құрылған. Сонымен қатар, бүгінгі күні облыс бойынша Ұлы мерекені атап өтуге жылдық жоспар жасалып, бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, биыл облыстың барлық елді мекендері тұрғындарына арналған үш үгіт-насихаттық керуен жұмысын бастағалы отыр. «Достық» үйінің шығармашылық ұжымдары, П.Чайковский атындағы музыкалық колледж және «Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығы өнерпаздарынан құралған «Менің елім - Қазақстаным» атты үгіт керуені облысымыздың көптеген елді мекендерінде болып, тұрғындарға концерттік бағдарламаларын ұсынбақ. Бекітілген жоспарға сәйкес Тәуелсіздік күніне жиырма күн қалғанда, яғни 26 қарашадан бастап мереке аясында түрлі шаралар күнбе-күн өткізілетін болады.

Мазмұнды кездесу мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған шеберлік сыныптарымен жалғасын тапты.

А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28