ЖҮЙРІКТЕН ЖҮЙРІК ОЗАР ЖАРЫСҚАНДА...

 

Биыл Қазақ КВН Лигасының Павлодар облыстық филиалының құрылғанына бес жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай түрлі жобалар ұйымдастырылуда. Олардың алғашқысы - жақында Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен «Чемпиондар кубогі» сайысы. Осы ойында әр жылда және әртүрлі деңгейлі лигада үздік атанғандар өзара бақ сынады. Атап айтсақ, 2008 жылы қалалық лига чемпионы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті колледжінің «Ыржи», 2010 жылы қалалық лиганың ақтық сайысында бірінші орынды бөліскен «Заман» (ПМПИ) және «Тарлан» (№30 мектеп), 2009 жылы мектеп оқушылары арасында озып шығып, жеңімпаз атанған, Ленин кентінің намысын қорғайтын «Адреналин» және 2010 жылы мектеп лигасының үздіктері деп танылған, №25 мектептің оқушыларынан құрылған «Амстердам» командалары «Чемпиондар кубогін» сарапқа салды.

Жеңімпаздар сайысы үш кезеңнен тұрды: сәлемдесу, ширату және әуенді үй тапсырмасы. Талай рет сахнадағы әзілдерімен көрермен қауымның ыстық ықыласына ие болған командалар алғашқы сайыста жақсы ойын өрнегін көрсетті. «Заман» командасы алда болатын Президент сайлауын, еліміздегі өткен дүбірлі шара - Азиадаға байланысты қалжыңдарын ұсынса, «Тарлан» командасы ерекше мәнерімен көзге түсті. «Адреналин» командасы қазақша КВН екенін естен шығарған болу керек, орысша сөздерді өте жиі қолданды. Мәселен, «откройся», «этаж», «отдам», «потом», «вот» және тағы басқа ресми тілдегі сөздер. Жеңімпаздардың мұндай кемшілікті жіберуі үлкен қателік десе болады. «Интуиция» бағдарламасын әзіл арқылы жеткізген, аялдамада болған жағдайды бейнелеген  «Ыржи» командасы зор қошеметке ие болды. Ал «Амстердам» командасы 14 ақпан күні өтетін махаббат мейрамы қазақ ұлтының менталитетіне сай емес екенін астарлы қалжың арқылы білдірді.

Екінші кезеңде, яғни «Ширату» сайысының барысында қатысушыларға бейнесұрақтар қойылды. Сауалға сауалмен жауап қайырып, ойларын жинақтай алмай, үнсіз қалған командалар болды. Осы орайда олардың тапқырлықтары байқалмады.

Әуенді үй тапсырмасында да бірқатар кемшіліктер қылаң берді. Ресей және шетел эстрадасының әндерін жиі қолданған ойыншыларға сын айтпасқа болмас. Дегенмен, бұл сайыста көңілді әрі тапқырлар  шеберліктерін көрсетіп, сүрінбей өтті.

Ойынға қорытынды жасалып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтайтын кез келді. Қазылар алқасының мүшесі, «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ақпараттық қызмет редакторы Мөлдір Доспаева еліміздегі өзекті мәселелер, соңғы жаңалықтар толықтай қамтылмады деген пікірін жасырып қалмады. «ЕҚЫҰ-ның Саммиті мен Азиададан басқа тақырыптар қозғалмады»,- деді ол өз сөзінде.

Арнайы жоба қорытындысы бойынша ұтқыр қалжыңдарымен ерекшеленген  «Заман» командасы «Ең үздік әзіл» номинациясын иеленді. «Адреналин» командасының  Нұрсұлтан есімді ойыншысы «Ең үздік ойыншы» деп танылды. Ал «Ыржи» командасы ең үздік команда ретінде «Чемпиондар кубогінің» иегері атанды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28