ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨШПЕЙДІ... Майра Шамсутдинова атындағы ән өнері мұражайына – 10 жыл

 

 

Жақында Павлодар қаласындағы №17-ші кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен әйгілі жерлесіміз, күміс көмей әнші Майра Шамсутдинова атындағы ән өнері мұражайының 10 жылдығына арналған «Сарыарқаның бұлбұлы - Майра» атты өнер кеші өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері, студент жастар мен мектеп оқушылары қатысты.
Шараға келген қонақтар біртуар халық әншісі Майра Шамсутдинованың өмір жолымен таныс болып, мұражайда тұрған заттарын тамашалады. 
Өз заманында әншінің талантымен дүйім жұртты тамсандырған Майра жастайынан баян тартып, ел аралап ән салған. Оның репертуарында халық арасында кеңінен таралған «Сәулем-ай», «Гауһартас», «Мақпал», «Ертіс», басқа да әндер бар. Өнер иесінің қазақ әндерімен қатар татар, орыс халқының әндерін де орындағаны баршаға аян. Жалпы, жезтаңдай әншінің Қазақстан мәдениетінің дамуына қосқан үлесі зор. Оның өнеріне тәнті болған ақын, жазушы Әбділда Тәжібаев «Майра» атты драмалық пьеса да жазған. Кейін ол қойылым Мұхтар Әуезов атындағы драма театрдың сахнасында қойылып, көрермендер қошеметіне бөленді. Бүгінде жастардың көбі әншіні көзімен көрмесе де талантын танып, бас иеді.
Кездесуге арнайы шақырылған аталмыш мұражай үйінің директоры, ҚР-ның мәдениет қайраткері Үміт Айтмағамбетова оқырмандарға Майра жайлы естеліктер айтып, оның пайдаланған тұрмыстық заттарын таныстырды. Сондай-ақ, көпшіліктің сұрауы бойынша қолына домбыра алып, Майраның бірнеше әндерін әуелете шырқады. Бұдан соң облыстық мұсылман әйелдер лигасы мен «Замандас» ардагерлер үйінің мүшелері сөз алып, Майра жайында естіп-білгендерін жастарға әңгімелеп берді. 
Өнер кешіне келген оқырмандар Үміт Айтмағамбетоваға әнші шығармашылығына байланысты өздерін қызықтырған сауалдарын қойды. Шара мазмұнды өтті.
Н.АҚЫТЕГІ.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26 27
28