Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына биыл - 80 жыл. Халық әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар тұлғаның мерейтойына орай, Жаяу Мұса ауылының Б.Хайдаров атындағы орта білім беретін мектебінде «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
Мәдени шараға жиналған оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар Мұқағали ақынның маржан жырларымен, оның өлеңдеріне жазылған әндермен сусындады.
Д.Қабыкенов, М.Мылтықбай, А.Балшекен, А.Қажыбек сынды оқушылар ақын жырларын мәнерлеп оқыса, мектептің биылғы түлектері, музыка пәнінің мұғалімдері Т.Ысқақова, А.Нығыметова және ауыл тұрғыны, әнші Р.Төлеубайқызы өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.
Шара соңында мектебіміздің мақтан тұтар жас ақындары Д.Қабыкенов пен Ә.Тоқмағанбет Мұқағали Мақатаевқа арнаған жыр шумақтарын оқып берді.
Гүлнар БЕКОВА,
Б.Хайдаров атындағы орта білім беретін мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Баянауыл ауданы.

