ӘЙЕЛДЕР ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛДЫ

Халықаралық әйелдер күніне орай 5 наурыз күні Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында «Бар дүние махаббаттан бастау алған...» атты мерекелік концерт өтті. Айтулы шараға көп балалы аналар, өңірімізге танымал әйелдер, жас мамандар мен ұстаздар қатысты.
Мерекелік кеш лирикалық көңіл-күйде өткізілді. Мерекеге жиналған нәзік жандыларға ескерткіш сыйлықтар мен гүл шоқтары таратылды. Кеш Мағжан Жұмабаев пен Роберт Рождественскийдің лирикалық шығармалары желісінің негізінде өтті. Олардың махаббат, әйел заты туралы жазған ой-пікірлері жұртшылық назарына ұсынылып, театрландырылған қойылымдармен ерекше көңіл-күйге бөледі. Көрермендер Ғалия Ербол, Анастасия Драганова, Иван Курбатов, Константин Танизовтің орындауындағы әндерді айрықша сезіммен тыңдады. Шара барысында «Вернисаж» сән театры мен «Промень» жастар театры өнер көрсетті. Әсіресе, көпшілікті жас әншілер Роза Мұқатова мен Азат Оспановтың орындауындағы ән баурап алды. Халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген жас әншілер әсем дауысымен көрермен қауымды тәнті етті.
Әйелдер күніне арналған мерекелік кештер 8 наурыз күні де жалғасын тапты. Бұл күні Павлодар қаласына қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары «До-Ми-Но» тобы келді. Жергілікті өнерсүйер қауымға мерекелік көңіл- күй сыйлаған топ мүшелеріне қошемет көрсеткен көпшілік әншілерге ризашылығын білдірді.

                                                                                                                                                  Ф.ӘМІРЕНОВ.

                                                                                                                                                                        


 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31