«ТАЗША БАЛА» БАЙҚАУЫ

Лебяжі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі халық шығармашылығы мен мәдени-сауық қызметі орталығымен бірлесе отырып «Тазша бала» сайысын өткізді.

Қазақ ауыз әдебиетінің озық үлгілері  мен ұлттық әдет-ғұрыптарды насихаттау және жастарға рухани тәлім-тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған байқаудың талаптары да қатаң болды. Ауданның әр ауылдық округінен ат терлетіп келген 12 қатысушы сайыс барысында кестелі тіл, ұтқыр тапқырлық пен орындаушылық шеберлігін барынша көрсетуге тырысты. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Қызылқоғам ауылының тұрғыны Әлібек Танат иеленді. Черное ауылының намысын қорғаған Нұрлыбек Риза екінші орынды қанжығасына байлады, ал үшінші орын Қазантай ауылының тумасы Нұрбол Тәңірбергенге бұйырды. Сайыс барысында көрермендер тарапынан қошеметке ие болған малыбайлық Аян Бекен мен Қазы ауылынан келген Жастілек Бейбарыс «Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша марапатталды.

Ш.ИНСЕМБАЕВА,

Лебяжі аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31