«ЖАСТЫҚ ШАҚ КЕЗІ»

 

Павлодар облыстық көркемсурет музейінде ашылған М*АРТ жобасының  көрме вернисажы осылай аталды. Дәстүрлі шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды.

Аталмыш жобаның он екінші көрмесіне қаламыздың жас суретшілері мен фотосурет-шілерінің қиялы мен шығармашылығынан туған жеке шығармалар қойылды. 150 туынды сызба, мүсін, қолданбалы сән өнеріне тиесілі болса, қалған               70-і - жас фотосуретшілердің шығармашылық жұмыстары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шара өнерлі жастар арасында бәсекелестікті арттырып, олардың шығармашылығын ұштайды. «Жобаның негізгі мақсаты - өнер жолын таңдаған ұл-қыздарға шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, түрлі деңгейдегі байқаулар мен көрмелерге қатысуға жәрдемдесу», - дейді олар.

Көрме жас ұрпақ пен аға буын арасындағы көпір іспеттес. Себебі, вернисажға тек жастар қауымы ғана емес, сондай-ақ М*АРТ жобасын бастаған Евгений Фридлин, Татьяна Чевтаева, Александр Ерашов, Зура Асылғазина сынды өңірге танымал суретшілер қатысты. Көрме сәуір айының он екінші жұлдызына дейін жалғасады.

А.ӘДІЛБЕК.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31