ЖАС МУЗЫКАНТТАР БАЙҚАУЫ

Таяуда Павлодар қаласындағы музыкалық колледждің дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп интернаты кешенінде Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында 45-ші облыстық фестиваль өтті. Аймағымыздың жас музыканттары ішекті, үрмелі және соқпалы аспаптардағы шығармаларды асқан шеберлікпен орындап, көрермендер қауымын тәнті етті. Олардың орындаушылық шеберліктерін дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының директоры В.Денисенко бастаған білікті педагог-мамандар бағалады. Қазылар алқасының шешімімен Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының Д.Владовский (соқпалы аспап), О.Қуанышев (скрипка), Р.Нұртазин (валторна), М.Адамова (скрипка) сынды өнерлі өрендері мен №3 балалар музыка мектебінің оқушысы Я.Кучерявых (виолончель) бірінші орындарды ұтып алды. Үздіктердің үздігі атанып, жеңіс тұғырынан көрінген жастар бұл байқаудағы жеңістерін ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнағандарын айтты.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31