Мерекелік шара

 

Павлодар облыстық зағип және көзі нашар көретін адамдарға арналған мамандандырылған кітапханада Халықаралық әйелдер күніне орай «Бұл мезгіл көктем деп аталадытақырыбында мерекелік шара өтті. Кездесуге Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары А.Әбенова мен «Қазақ зағиптар қоғамы» ұйымының төрағасы Л.Чабан, сондай-ақ, жетпіске жуық оқырман қатысты.

Екібастұз қаласынан келген қонақтар өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды. Олардың арасында өнерден кенде емес  жандар баршылық екен. Оқырмандар қауымы бір-бірімен мазмұнды әңгіме өрбітіп, музыкалық аспаптарда ойнап, ән шырқады. Зағип жандардың айтуынша, тағдыры бір адамдар үшін осындай кездесулер үлкен мәнге ие болуымен қатар, шығармашылыққа да күш-қуат береді.

Көмірлі өлке меймандарының облыс орталығына келуіне Екібастұз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, сондай-ақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қолғабыс жасаған. Шараға қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде өткен осындай кештер алдағы уақытта жалғасын тапса деген ниеттерін жасырмады.

Б.НҰРҒАЛИЕВА,

Павлодар облыстық зағип және көзі

 нашар көретін адамдарға арналған

мамандандырылған кітапхана қызметкері.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31