«ПАВЛОДАР ДОСТАРЫН ШАҚЫРАДЫ»

 

Аймағымызда осындай атаумен опера және балет өнерінің VІІ халықаралық фестивалі басталды. Оның ашылу салтанаты Екібастұз қалалық «Өнер» мәдениет сарайында өтті. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған ауқымды шараға жерлесіміз, ҚР еңбек сіңірген әртісі, халықаралық шығармашылық академиясының академигі, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның профессоры Шахимардан Әбілев мұрындық болды.

«Павлодар достарын шақырады» фестивалі өңірімізде 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұл өнер додасына Ресей, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина сияқты мемлекеттердің үздік опера орындаушылары қатысты. Фестивальға қатысқан Татьяна Горбунова, Ахмед Агадий, Қайыржан Жолдыбаев, Нұржамал Үсенбаева, Альфия Кәрімова және тағы басқа опера майталмандары павлодарлық көрерменді өнерлерімен сусындатты. Үстіміздегі жылғы фестивальға Ресей, Украина, Қырғызстан, Белоруссиядан қонақтар шақырылған. Алдағы уақытта фестиваль аясындағы өнер шеберлерінің концерті Екібастұз қаласына қарасты Шідерті, Солнечный кенттерінде, Ақсу қаласына қарасты Құркөл, Қалқаман елді мекендерінде және облыс орталығында өтпек.

А.ӘДІЛБЕК.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26
28 29 30 31