ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ - ОБЛЫС МАҚТАНЫШЫ

27 наурыз – Халықаралық театр күні. Айтулы  күнді Павлодар облыстық Ж.Аймауытов  атындағы қазақ музыкалы драма театры лайықты атап өтті. Бұл күні театр ұжымы көрермендер назарына Т.Нұрмағамбетовтің «Табалдырығыңа табын» драмасын ұсынды.

Павлодар облысында театр өнері әрқашанда жоғары бағаға ие. Ұлттық өнер мен драматургияның ауқымды мұрасын дамытуға драма театры айрықша үлес қосуда.

Облыс тұрғындарына рухани азық сыйлаған өнер ордасы 1990 жылдың 7 желтоқсанында Павлодар қаласында ашылды. Алғаш рет театр шымылдығы заңғар жазушы М.Әуезовтің «Айман–Шолпан» спектаклімен ашылды. Қазақ эпостық жырдың негізінде жазылған бұл қойылым - көптеген театрларда сахналанып, репертуарынан берік орын алған шығармалардың бірі. Аталмыш қойылым, міне, жиырма жылдан бері көрерменнің ықыласына бөленіп келеді. Уақыт озған сайын заман талабына сай жаңартылып  отырды.

1995 жыл – драма театрының тарихында өзіндік орны бар кезеңдердің бірі. Себебі, бұл жылы Павлодар облысы әкімшілігінің шешімімен  қазақ театрына жаңа ғимарат берілді. Кейіннен театрдың шығармашылық құрамы ҚР-ның еңбек сіңірген әртістері Жанат Чайкина, Шолпан Байғабылова сынды тәжірибелі өнер саңлақтарымен толықты.

Былтыр аталмыш өнер шаңырағына 20 жыл толып, оның шығармашылық ұжымы өнерсүйер көрерменді қазақстандық және шетелдік драматургтердің шығармаларымен қуантты. Жиырма бірінші маусым шымылдығын түрген театр өзінің көрермендері үшін үш бірдей премьералық қойылым әзірледі. Оның біріншісі Д.Исабековтің «Алладиннің сиқырлы шамы» ертегі пьесасы болса, екіншісі - өнер  ордасының туған күніне орай арнайы сахналанған М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» музыкалық опереттасы. Ал соңғысы жуырда жұртшылыққа ұсынылған С.Қасымбектің «Палата» спектаклі болды.

Шоқтығы биік театрдың өнер тарландарының еңбегі павлодарлық көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Қара шаңырақ құрылғалы бері көрермен қауымның патша көңілінен шығып, жоғары кәсіби шеберліктің биік болмысын танытып отырған дарынды әртістеріміз аз емес. Өнер әлемінде өзіндік қайталанбас қолтаңбасы бар олардың есімдері тек облысымыз бен елімізге ғана емес, сондай-ақ өнер құдіретін түсінген шет елдерге де кеңінен танымал. Әлемдік деңгейдегі жерлес әртістеріміздің әрқайсысына жұртшылық шексіз риза екені сөзсіз.

Театрдың көркемдік жетекшілері мен  шебер әртістердің атсалысуымен көрсетілген пьесалар әлемнің көптеген мемлекеттеріне танылып үлгерді. Мысалы, театр ұжымы Египеттің Каир қаласында, Түркия елінде, еліміздің Ақтау, Астана қалаларында өткен көптеген республикалық, халықаралық фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді. Жақында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников аталмыш өнер ордасында көп жыл бас режиссер болған, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Тәпеновті А.Чеховтың 150 жылдық мерейтойына арналған медальмен марапаттады.

Өз тілшіміз.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31