КӨРЕРМЕН ҚОШЕМЕТІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Ертістің Павлодар өңірінде ұйымдастырылған «Павлодар достарын шақырады» атты опера және балет өнерінің VII халықаралық фестивалі мәресіне жетті. Биылғы фестиваль ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды. Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ауқымды мәдени шара Екібастұз, Ақсу қалаларына қарасты кенттер мен облыс орталығында өткен болатын.

Сенбі күні Павлодар қаласындағы Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында фестиваль аясында өткен  гала-концерт барша жұртшылықты балет және опера өнерімен сусындатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Концерт бағдарламасына қазақ, орыс және шетел композиторлары спектакльдерінің үзінділерінің озық үлгілері енгізілген.

Өнер кешіне аты төрткүл әлемге танымал қазақстандық опера әншілерімен қатар Украина мен Ресей елінің опера майталмандары қатысты. Опера және балет өнерінің VII халықаралық фестиваліне мұрындық болған жерлесіміз, ҚР еңбек сіңірген әртісі, халықаралық шығармашылық академиясының академигі Шахимардан Әбілевтің орындауындағы «Баянауыл» халық әнін павлодарлық жамағат ерекше тебіреніспен ұйып тыңдады. Фестивальге шетелден ат терлетіп келген құрметті меймандар қатарындағы Киев қаласындағы Чайковский атындағы консерваториясының деканы, халықаралық вокалистер байқауының лауреаты украиналық Геннадий Капко мен Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Тамара Новиченко, Михайлов атындағы опера және балет театрының солисі Светлана Маскаленко Шахимардан Қайдарұлына зор ризашылықтарын білдіріп, өнер иесінің бойындағы талантына тәнті екендіктерін жеткізді.  Г.Капко Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін қазақ тілінде орындағанын өнерсүйер қауым жылы қабылдады. Үлкен балет және опера кешінде өнер көрсеткен қазақстандықтар қатарында Абай және К.Байсейітова атындағы опера мен балет мемлекеттік академиялық театрларының солистері қатысып, талғампаз көрерменнің қошеметіне ие болды.

 

А.ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Наурыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31