Таяуда Павлодар қаласындағы №50 балалар бақшасында Наурыз мерекесі тойланды. Шараға ата-аналар қауымы қатысып, бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалады. Атап өтерлігі, бақшадағы ұлттық мереке қызықты әрі мазмұнды өтті.
Балалар ән салып, өлең оқумен қатар, ұлттық ойындар ойнап, ақындар айтысынан үзінді көрсетті. Сонымен қатар, тәрбиеленушілердің қатысуымен қазақ халқының салт-дәстүрлері мен аты аңызға айналған Қожанасыр, Алдаркөсе туралы шағын көріністер қойылып, мереке мерейін асырды.
Балғындардың осындай өнерін тамашалаған ата-аналар қауымы көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Жұмагелді МҰҚАШЕВ,
Павлодар қаласы.

