Наурыз мейрамы қарсаңында Павлодар қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Самал» сауықтыру орталығында қайырымдылық кеш өтті.
Жеткіншектерді қуанышқа бөлеген аталмыш шараны «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі, еңбек ардагері Қайынжамал Смайылова ұйымдастырды.
Кеш барысында балаларға арналып ұлттық тағамдарға толы ақ дастарқан жайылып, Наурыз көже пісірілді. Сондай-ақ, «Жарқыра» әжелер ансамблі концерттік бағдарлама ұсынып, «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Ат қою» сынды салт-дәстүрлерден көрініс көрсетті.
-Осындай қайырымдылық шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз - жас ұрпаққа қазақ елінің салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын үйретіп, мемлекеттік тілді меңгерулеріне мүмкіндік жасау, - дейді Қ.Смайылова.
Шара соңында «Самал» сауықтыру орталығының директоры З.Богненко мен балалар кешті ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Өз тілшіміз.

