РЕСЕЙЛІК ТОП ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Естай атындағы  қалалық мәдениет сарайында әнші Николай Емелин жетекшілік ететін ресейлік «Емеля и братья» тобының концерті өтті.
Мәдени шара ҚР Тәуелсіздігінің 20 және Славян орталығының 15 жылдығына арналды. Оған облыс әкімінің орынбасары Ә.Ғалымова, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының төтенше және өкілетті елшісі М.Бочарников, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Тарасенко қатысты. Құрметті меймандар шара барысында қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, Павлодар облыстық славян орталығының директоры Т.Кузинаға орыс және қазақ халықтарының достығын нығайту жолындағы зор еңбегіне алғысын білдірді.
1996 жылы есігін айқара ашқан орталық бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалында өзіндік орнын тапқан. Екібастұз, Ақсу қалалары мен Қашыр, Железинка, Шарбақты аудандарында филиалдары бар. Славян орталығы аймағымыздың халықтары арасында орыс мәдениеті мен дәстүрін насихаттаумен қатар, өңірдің басқа ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынасты нығайтуды көздейді.
Аталмыш өнер кешінде «Емеля и братья» тобының өнерпаздары өнер десе ішер асын жерге қоятын қауым назарына «Наурыз» атты жаңа әнін ұсынды. Жаңа туынды көрермен жүрегіне жол тапқаны анық. Оған дәлел – мәдениет сарайына лық толы жиналған халықтың қошеметі. Славян халықтарының фольклор үлгілері мен қазіргі заманғы әндері айтылды.
Ертістің Павлодар өңіріне ат басын тіреген құрметті меймандар павлодарлықтарды жағымды жаңалықпен қуантты. Кеште Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі А.Травенный Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы театрының режиссері, ҚР Мәдениет қайраткері Ерсайын Тәпеновті А.Чеховтың 150 жылдық мерейтойына орай медальмен марапаттады.
Бұл өнер кеші - орталықтың 15 жылдық мерейтойын атап өтудегі алғашқы шара. Т.Кузинаның айтуынша, мәдени шаралар үстіміздігі жылдың қазан айына дейін жалғасады.


А.ӘДІЛБЕК.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30