САЛАДА ИГІ ІСТЕР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

 

    Павлодар облыстық мәдениет басқармасының бастығы Қанат Кәрімов өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Жиын барысында облыстық мәдениет басқармасымен ағымдағы жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстар және алдағы уақытты алға қойылған мақсат-міндеттері туралы сөз болды.
Баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет басқармасының ұлттық мәдениетті, өзге ұлттар мәдениетін жаңарту, дамыту және насихаттау, аймағымыздың басқа облыстармен мәдени ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдету бойынша жүзеге асырылған жұмыстары туралы қорытындылар айтылды.
    Сонымен қатар журналистер қауымына үстіміздегі жылдың екінші жартысында жүзеге асырылатын істер туралы есеп берілді.
    Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Павлодар облысының мәдениет саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру жөнінде жұмыс жағдайы туралы айта келе, облыстағы мәдениет мекемелерінің жұмысына кеңірек тоқталды. Оның айтуынша, 2010 жылғы 1 шілдедегі ақпар бойынша қалалық жерде 504 мәдениет мекемесі жұмыс істесе, ауылдық жерде 447 мәдени ошақ қызмет етеді. Соның ішінде қалалық жерде - 268, ауылдық аймақта - 234 кітапхана, 203 клуб мекемесі қалада орналасса, 191-і ауылдарда, жылжымалы мәдениет кешендерінің саны – 18 (ауылдық жерде - 14), 11 - мемлекеттік мұражай (5 – облыста, 2 – қалада, 4 -ауылдық жерде), 203 - клубт, 2 театр, шаруашылық есептегі 1 филармония және 1 мәдениет және демалыс саябағы бар. Аталған мәдени ошақтардың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен даму қарқыны да тілге тиек етілді.
    Бүгінгі күні «Жол картасы» бағдарламасы бойынша барлығы 11 мәдениет нысаны жөндеуден өтуде. Мысалы, биылғы жылы ауылдық аймақта орналасқан 9 ауылдық клуб күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Оның 6-уы Тереңкөл ауданында болса, 3 мәдени нысан Шарбақты ауданында орналасқан. Ал облыстық басқарманың бютжетінен 2 аудандық мәдениет үйі, Ақтоғай аудандық және Баянауыл ауданының мәдениет үйлерінің жөнделуіне қаражат бөлінген. Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында бағдарлама аясында жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Нақты айтатын болсақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан мамандандырылған сахна жағдайы туралы мәселе көтерілді. Сәтін салса, музыкалық драма театрының ХХ маусымы күрделі жөндеуден өткен мекемеде ашылмақ.
    2010 жылдың екінші жартыжылдығына арналған міндеттер туралы айта келе, басқарма бастығы Қанат Сәрсенұлы Жаяу Мұсаның 175 жылдығы, Иса Байзақовтың 110 жылдық және Григорий Потаниннің 175 жылдығы мерекесіне арналған мерейтойлық шараларды өткізу жоспарларына тоқталды. Сонымен қатар алдағы уақытта ҚР Ата Заңының 15 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар жоспары туралы сөз қозғалды.


Ақмарал ЕСІМХАНОВА.


 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31