ӘНШІ МАЙРАНЫҢ ІЗІН БАСҚАН

Кезінде Дінмұхаммед Қонаев: «Мен қазақтың өнерлі екі қызын жақсы білемін. Біріншісі - Хафиза Әбуғалиева аккордеонмен  ән салушы еді. Екіншісі - қарындасым Ағайша баян тартады. Екеуі де қазақтың біртуар таланттары» деген екен. Аузы дуалы ел азаматының осындай бағасын алған ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Алматы қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы, Майратанушы, профессор Ағайша Исағұлова жақында өңірімізге ат басын тіреп, Павлодар қаласындағы Майра Шамсутдинова атындағы мұражайда шығармашылық кешін өткізді.
Шара кеш иесінің 2003 жылы таспаға жазылған әндерімен басталды. А.Исағұлова жиналған қауымға өзінің өнердегі шығармашылық жолы жөнінде әңгімеледі. Талант иесі осы жолды таңдағанына еш өкінбейтінін жеткізді.
Өз өмірін Майраның шығармашылығымен ұштастырған А.Исағұлова 1945 жылы қазіргі Алматы облысы Текелі елді мекенінде дүниеге келген. «Кішкентай кезімнен музыкаға, оның ішінде қазақтың дәстүрлі ән өнеріне құштар болдым. Төртінші сыныпта оқып жүргенімде екі қатарлы сырнайда ойнай бастадым. Ал баянмен дос болғаныма 48 жыл болды! Сөйтіп, ауылдастарымның арасында Майра апамыз сияқты «Гармоншы қыз» атандым», - деді ол.
«Алматыдағы қыздар педагогикалық институтына оқуға түскен күннен бастап Майра Уәлиқызының атына қанық болдым. Сол кезде оқу ордасындағы ұстазым Константин Ошлаковтың жетекшілігімен Майраның шығармашылығын зерттеуге көңіл бөлдім. 2001 жылы көптен көкейімде жүрген осы істі мықтап қолға алдым. Осылайша, Майраның артына қалдырған ән қазынасын насихаттап, дәстүрлі ән өнерін жалғастыруды мақсат еттім,» - дейді кеш қонағы. Атап өтерлігі, ол Майра Уәлиқызының ән өнерін зерттеумен қатар, ел аузында жүрген халық әндерін жинаумен де айналысады. Кеш барысында А.Исағұлова орындаған «Ал қызыл тас», «Асыл зат, арман дедің, ау дариға», «Бұлбұл» сынды тамаша әндер жиналғандардың құлақ құрышын қандырды.
Майра Шамсутдинова – қазақтың ән қоржынын байытуға үлес қосып, өзіндік ән салу ерекшелігімен халыққа танылған дарынды тұлға. Жерлесіміздің әншілік мектебі бүгінгі таңда жалғасын табуда. Ағайша Исағұлова апайымыз қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде оның дәстүрін насихаттап, жаңғыртуда. Қазақ ән өнері тарихында айрықша еңбек сіңірген Майра сынды саңлақтарымыздың өнерін кейінгі буынға таныту бүгінгі мақсатымыз болуы керек.


А.ӘДІЛБЕК.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30