ШАБЫТ ПЕН ҚИЯЛДАН ТУҒАН ТУЫНДЫЛАР

Павлодар облыстық көркемсурет музейінде павлодарлық суретші Ботагөз Нұрпейісованың жеке көрмесі ашылды. Онда қылқалам шеберінің 2000-2011 жылдар аралығында салған 79 туындысы қойылды. Көрменің «Кемпірқосақ астында өмір сүргендер» деген атауы жайдан-жай таңдалмаған. «Кемпірқосақ – ол ең алдымен қылқалам мен қиялдан туындаған бояулар үйлесімі», дейді суретші.

Әр адам өз туған жеріне деген махаббатын әрқалай жеткізеді. Жазушы сөз арқылы, сазгер ән арқылы, ал суретші бояуы арқылы ұсынады. Бұл көрмеден суретшінің шығармалары арқылы қарапайым қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі, ауыл халқына деген шынайы махаббаты мен сүйіспеншілігін байқауға болады. Б.Нұрпейісова - Павлодар ауданы, Набережное ауылының тумасы. Жұртшылық назарына ұсынылған шығармалардың басым бөлігі өнер иесінің туған ауылының күнделікті өміріне арналған. «Кемпірқосақ астында өмір сүргендер» атты шығармасында оның анасы мен кіші бауыры бейнеленген. Ботагөз Нұрпейісова өз шығармаларында қазақтың алтын бесігі – ауыл өмірімен біте қайнасқан, туған жерінің отымен кіріп, күлімен шыққан азаматтар мен құлын-тайдай тебіскен ағайын-бауырларының бейнесін қанық бояумен жеткізе білді. «Ауыл өмірі деген керемет. Бұл жерде өмір сүретін адамдарды бақытты деп есептеймін. Себебі, ауылда әр жыл мезгілін, ондағы табиғат сұлулығын шынайы сезінуге болады», дейді суретші.

«Үнді сериясы» деп аталған суреттер топтамасында үнді халқының би өнері, терең ойлы философиясына арналған туындылар қойылды. Суретшінің айтуынша, үнді мәдениетіне деген ынта-ықылас оның досы, үнді халқының Бхаратанатьям классикалық биінің еліміздегі жалғыз орындаушысы Ақмарал Кайназарова арқылы пайда болған.
Атап өту керек, дарын иесі - Нұрпейісовтер отбасында тәрбиеленген 12 баланың ішіндегі тұңғышы. 1977-1981 жылдар аралығында Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде, 1982-1988 жылдары В.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік институтында білім алды. Ол - көптеген республикалық, халықаралық көрмелердің қатысушысы. Павлодардағы көрме үстіміздегі жылдың 28 сәуіріне дейін жалғасады.
 


Ақмарал ЕСІМХАНОВА.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30