ӨНЕРПАЗДАР БАЙҚАУЫ

Таяуда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай әнші-композитор Майра Шамсутдинованың әндеріне арналған аймақтық дәстүрлі әншілер байқауы мәресіне жетті. «Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығы мұрындық  болған шарада Астана, Алматы, Қарағанды, Семей, Павлодар қалаларының әншілері өзара  бақ сынасты.

Майра Уәлиқызының шығармаларын келер ұрпаққа  кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған өнер жарысы екі кезеңнен тұрды. 11 үміткер сайыстың бірінші кезеңінен сүрінбей өтіп, екінші кезеңде өнер көрсетті. 

Алматы қаласының қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, профессор, әнші, сырнайшы, сазгер Ағайша Исағұлова байқау қатысушыларының өнерін бағалады. Күміс-көмей әншілер қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. Әділ қазылар алқасының шешімімен Ләззат Сүлеева (Алматы), Ришат Шабденов (Қарағанды) және Алтын Смасейітова (Семей) дипломант атағына ие болды. Астана қаласының намысын қорғаған екі бірдей қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Айзат Қарбекова ІІІ орынды, Айдана Ережепова ІІ орынды иеленді. Ал аймағымыздың  жезтаңдай әнші қызы Әсел Ботаева жеңімпаз атанды және лауреат дипломымен марапатталды.

 

Ақмарал ЕСІМХАНОВА. 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30