Ұзынбұлақ ауылдық округінің тұрғындары шығыс елдері үшін жыл басы саналатын Наурыз мейрамын бар ықылас-ниеттерімен қарсы алды. Мерекелік шараны ойдағыдай өткізуге елді мекенге қарасты Ақши ауылының ұйымшыл тұрғындары бір адамдай атсалысты. «Қош келдің, әз Наурыз» деген атауға ие болған шара қазақтың ұлттық өнерімен ерекшеленді. Молшылық нышанына айналған ақ дастарқан жайлып, ұлттық ойындар ойналды, әуелеген ән мен күмбірлеген күй мерекенің шырайын аша түсті.
Ауылдықтар ата-баба дәстүрі бойынша төс қағыстырып, бір-бірін Наурызбен құттықтап жатты. Той-думанда ауыл ақсақалдары К.Рақымжанов пен Ж.Хасенов көпшілікке ақ батасын берді.
Берік ЫСҚАҚОВ,
Ұзынбұлақ ауылдық округінің тұрғыны,
Баянауыл ауданы.

