ТАЛАПТЫҒА НҰР ЖАУАР!

 

Жақында облыс орталығында Ж.Аймауытов атындағы қазақ-музыкалы драма театрында Павлодар қалалық білім беру бөлімінің мұрындық болуымен «Балбұлақ» байқауы өтті. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған  шараға шаһардағы мектепке дейінгі мекемелердің бүлдіршіндері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Атап өтерлігі, сайыста өзге ұлт өкілдерінің балалары белсенділік танытты.

 Байқауда бақтарын сынаған балғындар әңгіме құрастыру, сәлемдесу және үй тапсырмасын орындау сынды бағыттар бойынша шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – тәрбиеленушілерді балабақша қабырғасынан бастап мемлекеттік тілді құрметтеуге және өзге ұлт өкілдері балаларының да өз ана тілдеріне деген махаббатын қалыптастыруға баулу. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білу – баршаға ортақ міндет. Мемлекеттік тілді, өткен тарихты білмей, азамат тұлғасын қалыптастыру мүмкін емес. Бірақ, бала тек өз ұлтының мәдениетін меңгерумен шектеліп қана қоймай, басқа ұлттардың да өнерін танып, білгені жөн. Сол үшін жыл сайын өңірде «Балбұлақ» байқауын өткізуді  дәстүрге айналдырдық», - дейді ұйымдастырушылар.

Қазылар алқасы байқауға қатысқан барлық баланың мемлекеттік тілді және өз ана тілдерін жоғары деңгейде меңгергендігін атап өтті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені №116 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері  алды. Ал 1 орынды №115, 2 орынды №42, 3 орынды №104 сәбилер бақшасының балғындары иеленді.  Сондай-ақ, «Тіл үйрену -  ұлы іс», «Біз кішкентай патриоттармыз!», «Әртістік пен шығармашылық», «Көрермендер қошеметі» аталымдары бойынша бірқатар өнерлі бүлдіршіндер марапатталды. 

Н.АҚЫТЕГІ. 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30