«ҚАРА ЖОРҒА» ӨНЕР ҰЖЫМЫ КОНЦЕРТ ҚОЙДЫ

Облыс орталығына Алматыдан арнайы ат терлетіп «Қара жорға» өнер ұжымы концерттік бағдарламасымен келіп қайтты. Қазақтың өзге ұлттардан ерекшелеп тұратын өзіндік нақыш, болмысбояулары көп. Соның бірі - «Қара жорға» биі.

Жұдырығы тоқпақтай,

Жауырыны қақпақтай.

Тізгін алып тісіне,

Табақтабақ ет тартқан,

Қазақ деген халықпыз, - бұл қазіргі уақытта бесіктегі баладан еңкейген қартқа дейін естісе елеңдеп кететін «Қара жорға» биінің сонау ерте замандағы өлең жолдары екен. Бұл жөнінде зерттеу жасап жүрген «Қара жорға» өнер ұжымының директоры Жамали Диқанұлы әңгімелеп берді.

- Бұл биді ерте заманда ата–бабаларымыз билеген. Асауды алғаш қолға үйреткен - қазақ халқы. Содан бері ұмыт болған осы буын биін қазақ еліне танытсам, ұрпағыма ұмытылмас іс қалдырсам деген ниетпен Отаныма оралдым, - дейді Германиядан қоныс аударған Арыстан ата.

Арыстан Тосынның айтуынша, «Қара жорға» биінің айрықша қасиеттері бар. Қазіргі кезде биді көптеген жерлерде ем ретінде үйренуде. Буын биі дененің қимыл–қозғалысынан кейін сарысуды кетіріп, адамға сергектік сыйлайды. Оған дәлел жеті ел президенттерінің алдында ат үстінде билеген биші ата 75 жасқа келсе де әлі тың, денсаулығы мықты.

Ол облыс орталығына келген өнер сапарының мақсаты ақша тауып, пайда көру емес, ел іші – өнер кенішіне өнеге, насихат қалдыру екенін тебірене айтты.

Концерттік бағдарламада ұжымның көркемдік жетекшісі Серәлі Құсман ұмыт қалып бара жатқан өнер түрі - көмей арқылы ән салып, халықты тамсандырды. Жамали Диқанұлы алмас қылыш үстінен жалаң аяқ басып көтеріліп, көрермендер қошеметіне бөленді. Ал табанымен өткір пышақ үстінде тұрып 124 келі салмақты кір тасын көтергенде таң қалмаған жан жоқ. Бағдарлама аясында Дилара Қабдуллина, Рада Сергеевна, Ризабек Жақыпов, Зағипа Иманқызы, Бауыржан Бақбергенұлы және басқа да өнерпаздар өнерден шашу шашты.

- Мен еліміздің бірқатар құзырлы мекемелерінде болып, «Қара жорға» биін мектеп бағдарламасына енгізуді ұсындым. Алматы қаласының біраз мектептерінде бұл мәселе күн тәртібіне қойылып үлгерді. «Аю биі», «Телқоңыр», «Майдажал», «Ортеке», «Қаз биі» сияқты да қазақтың ұлттық болмысын көрсететін би түрлері көп. Болашақта осындай бірқатар мәселелерді қолға алып, жаңарту жолында игі істер атқарамыз, - деді ұжым директоры.

Өнер ұжымының концерттік бағдарламасы павлодарлық көрерменнің еңсесін бір көтеріп тастады. Жүрекке жігер, бойға қуат, рух сыйлайтын «Қара жорға» биін халыққа ерекше сипатта орындаған Арыстан ата, Жамали Диқанұлы және кішкентай биші Дінмұхаммед Рашитұлына жиналған қауым орындарынан тұрып, зор қошемет көрсетті. Кеш соңында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Мәшһүр Жүсіп атындағы ғылыми орталық қызметкерлері Арыстан Тосынға шапан жапты.

 

Айнұр ТОҚТАРХАНҚЫЗЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30