САЛТ-ДӘСТҮР –ТАҒЫЛЫМ МЕН ТӘЛІМ НЕГІЗІ

«Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды», - деп жазушы Ғабиден Мұстафин айтқан екен. Расында да, салт-дәстүр - адамның бітім-болмысын, кескін-келбетін айқындап, оның бойындағы тәлім-тәрбие, ар-ождан, өр-намыс, рух деңгейінің қаншалықты дәрежеде екендігін танытатын бірден-бір құрал. Ғасырлар бойы қалыптасып, өмірлік азық бола білген халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының бояуы бүгінгі күні оңалған емес.

Таяуда П.Васильев мұражай үйінің мұрындық болуымен Павлодар қаласындағы №24 және Қ.Бекхожин атындағы №12 орта мектептерінде «Қайта оралған қазағымның дәстүрлері-ай» атты іс-шара ұйымдастырылды. Онда халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, олардың өзіндік ерекшеліктері жайлы сөз қозғалып, слайдтар көрсетілді.

- Халқымыздың құндылығы болып табылатын салт-жораларының жай-жапсарын, мән-мағынасын біреу білсе, біреуге ол - жұмбақ. Сондықтан, оқушылармен ой таластыра отырып, қазақтың ұлттық қазынасын насихаттауды мақсат еттік, - дейді ұйымдастырушылар.

Бүгінде тәуелсіз, егемен еліміз еңселі Елтаңбасымен, айбатты Әнұранымен, тұғырлы Туымен асқақ. Сан ғасырлық тарихы бар, Сарыарқаны төстей өрлеп, қоныс тепкен қазақ елінің рухы биік, еңсесі жоғары. Еліміздің даңқын асырып, әлемге паш ететін ұрпақтың нәр алар түптамыры, алтын кеніхалықтың салтдәстүрлері, әдетғұрыптары, тағылымтәлімі. Халқымыздың осы құндылықтарын әрбір оқушының білуі - міндет.

Айгүл ҚАЗБЕКҚЫЗЫ,

П.Васильев мұражай үйінің экскурсия жүргізушісі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30