Таяуда «Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығы жанындағы «Замандас» жастар клубының ұйымдастыруымен халықаралық ғарыш күніне орай «Ғарышкер болғым келеді» атты сайыс өтті. Оған Павлодар қаласындағы орта бірқатар мектептердің 7-8-сынып оқушылары қатысты.
Танымдық сайыс үш бөлімнен тұрды. «Сайыпқыран» деп аталатын бөлімде қатысушылар адамзаттың ғарышқа ұшу тарихына байланысты құрылған сауалдарға жауап берді. ІІ бөлім «Мақал - сөздің мәйегі» бөлімінде оқушылар мақал-мәтел білу бойынша білімдерін сынаса, келесі бөллімде олар бойдағы шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.
Олардың білімдерін бағалаған сарапшылар шешімімен №19 мектептің оқушысы Ақмарал Мәлік жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, шараға қатысқан барлық балалар «Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығының әкімшілігі атынан диплом және Алғыс хаттармен марапатталды.
«Ғарышкер болғым келеді» сайысы «Жас қанат» студиясының триосы әншілері мен «Томирис» үлгілі би ансамблінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Г.МҰҚАНОВА,
«Шаңырақ» халық шығармашылығы
және ойын-сауық орталығы.

