«Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығында «Замандас» жастар клубының ұйымдастыруымен «Махаббат - өмір ғажабы» атты студенттерге арналған пікірталас кеші өтті. Шараға қаланың жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысты. Жастардың «махаббат» атты ұлы сезімге деген көзқарастарын, олардың өмірлерінде қаншалықты маңызды орын алатынын білу мақсатында ұйымдастырылған кешке студент жастар көптеп жиналды. Қатысқандар тақырып аясында әңгіме өрбітіп, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
С.МҰҚАНОВА,
«Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығы.

