«КИЕЛІ МҰРАМЫЗҒА ТАҒЗЫМ»

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Киелі мұрамызға тағзым» акциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған аталмыш білім ордасының ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Арын, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Нұркина, Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің директоры Роза Игібаева және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Акцияның ашылу рәсіміне қатысушылар алдымен университет кітапханасын аралады. Ондағы сирек кездесетін кітаптармен танысты. Әсіресе, білім ордасының оқытушысы Нұржан Құлымбетовтің университет кітапханасына тапсырған Құран кітабы көпшілікті қызықтырды. ХІХ ғасырға жататын бұл туынды - мұндағы ең көне кітаптардың бірі әрі бірегейі. Кітапхана қызметкерінің айтуынша, өңірімізде мұндай кітаптың үш қана данасы сақталған. Оның біреуі С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға, енді біреуі Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің кітапханасына қойылған. Қызығы, бұл кітаптардың барлығы Н.Құлымбетовтің атасына тиесілі. Ол кісі көз жұмар алдында осы қасиетті үш Құран кітапты кітапханаға, мешітке беруді аманаттап, қалған біреуін немересі Нұржанға сыйға тартқан.
Университет кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда білім ордасының «Кереку» баспасынан шығарылған және мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар қойылды. Университеттің бастамасымен шығарылған қазақ халқының асыл арыстарының тұлғалық энциклопедиясы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл серия бойынша әзірше, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың тұлғалық энциклопедиялары жарық көрді. Университет басшысы Ерлан Мұхтарұлы бұл игі бастама өз жалғасын табатынын жеткізді. Ашылу рәсіміне қатысушылар одан кейін Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық музейге аялдады. Олар мұндағы өңірімізден табылған құнды жәдігерлермен танысты.       
«Киелі мұрамызға тағзым» акциясының ашылу рәсіміне жиналғандар дөңгелек үстел шарасына қатысты. Мұнда акция аясында атқарылатын жұмыстар жайлы баяндалды. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Нұркина университет басшысы, еліміздің мәдениет, өнер саласына ерекше үлес қосып жүрген аптал азамат Ерлан Мұхтарұлына партия атынан «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісін тапсырды.
- Бұл акция төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Шараға өңіріміздегі жоғары оқу орындары, мәдениет ошақтары белсене атсалысатын болады. Атқаратын жұмыстар өте көп. Барлығы -  келешек ұрпақ үшін жасалып жатқан игі бастамалар. Сондықтан бұл шараға бәріміз бір адамдай үн қосуымыз керек,- деді Айгүл Қабдешқызы.
С.Торайғыров атындағы ПМУ, «Нұр отан» халықтық-демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалы және Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі бірлесіп ұйымдастырып жатқан шара осы жылдың қазан айына дейін жалғасады. Осы аралықта облысымыздан табылған қазбаларды, мәдени мұраларымызды, дәстүрлі ән-күйлерімізді, қазақтың тарихынан сыр шертетін киелі жәдігерлерімізді халық арасында насихаттау шаралары жүргізіледі. Сондай-ақ, акцияны ұйымдастырушылар облысымыздың барлық аудандарын аралайды.

 

Е. ҚЫЗДАРБЕК.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 23 24
25 26 27 28 29 30