ҰЛТ АСПАПТАР БӨЛІМІНЕ - 20 ЖЫЛ

Киелі Кереку-Баян жері - қашанда өнер мен өнегеден кенде болмаған, текті ұлдарды түлеткен ардақты өлке. Арқада ән әуелеткен дала бұлбұлдары Жаяу Мұса, Естай, әйгілі желдірмесімен желе жырлаған Иса ақынның  серілік құрған мекені - қазақ өнерінің алтын кеніші.
Десе де, еліміз  егемендік алған жылдары өңіріміздегі ұлттық өнерімізде тоқырау болғандығы рас. Ал оны жандандырып, жұрт жырақтап қалған ұлттық болмысымыздың құндылықтарын қайта жаңғырту оңай шаруа емес еді. Осы ретте толағай тұлғалар туған жердің топырағындағы қасиетті суытпауды басты межеге қойған облыс орталығындағы музыкалық колледж ұстаздарының еңбегі ерен. 1991 жылы аталған оқу орны ішінен құрылған ұлт аспаптары бөлімі бүгінде республикалық деңгейде алдыңғы қатардан көрініп жүрген шәкірттерді тәрбиелеп - түлетуде. Оқу орнында, негізінен, домбыра, қобыз, шаңқобыз, шертер аспаптары бойынша сабақтар беріліп келеді.  Бұл талмас ізденіс пен ұзақ еңбек, ұмтылыстың нәтижесі екендігі сөзсіз. Бүгінде біз әңгімелеп отырған ұлт аспаптары бөлімінің осы музыкалық колледж қабырғасында құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 22 сәуір күні аталмыш колледжде айтулы шара ұйымдастырылмақ.
Ұлт аспаптары бөлімінің меңгерушісі Нүрзия Ғабдуллина «Бұл біздің өңірде 90-шы жылдардың басында әбден тоқырап тұрған ұлттық өнердің қайта түлеген кезеңіндегі ерекше мереке болмақ»-дейді.
Шараға әр аудандардағы музыкалық мектептер ұстаздары қатысып, ашық сабақтар өтпек. Сондай-ақ, ұлттық аспаптар көрмесі ұйымдастырылып, соңынан қорытынды мерекелік концерт ұсынылмақ. Және айта кетерлігі, көрмеге қойылаған аспаптарды сатып алуға да мүмкіндік бар. Көрермендер мен өнер жанашырларына есік ашық.


Жарқынбек АМАНТАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 23 24
25 26 27 28 29 30