ЭКРАНДА – «АФАЛИНАНЫҢ СЕКІРІСІ»

Облыс орталығында сәуірдің 18-нен бастап ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Қазақстандық кино апталығы» өтіп жатыр. Отандық киноөнімдерді жұртшылыққа таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шара барысында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген фильмдер павлодарлық көрермен назарына ұсынылуда. Ал ертең Елбасы Н.Назарбаевтың балалық шағынан сыр шертетін «Менің балалық шағымның  аспаны» атты фильмнің премьерасы өтпек.
«Қазақстандық кино апталығының» екінші күні облыс орталығындағы Ш.Айманов атындағы кинотеатрда «Афалинаның секірісі» атты фильмнің көрсетілімі өтті. Апталық аясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен аталмыш фильмнің атқарушы продюсері Тасболат Мерекеновпен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Т.Мерекенов – еліміздегі белді продюсерлердің бірі. Оның жетекшілігімен 25 толық метражды фильм түсірілген. Олардың қатарында көпшілікке белгілі «Көшпенділер», «Абай», «Менің балалық шағымның аспаны», «Батыр Баян», «Ағайындылар» фильмдері бар.
Тасболат Мерекенов баспасөз мәслихаты барысында «Афалинаның секірісі» фильмі туралы әңгіме өрбітіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Детектив жанрында түсірілген туынды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» және жеке меншік «Медетфильм» киностудияларында түсірілген. Продюсердің айтуынша, 2008 жылы түсірілген киноның кейбір техникалық және технологиялық жұмыстары Ресейдің «Мосфильм» киностудиясында жүзеге асырылған. Бюджеті 3-4 миллион АҚШ долларын құрайды.
Жалпы, детектив жанрында кино түсіру - қазақстандық кино саласында сирек кездесетін құбылыс. «Афалинаның секірісі» - бұған дейін Э.Оразбаев режиссерлік еткен «Транссібір экспресі» фильмінен кейін түсірілген детектив. «Жақсы фильм – жақсы жазылған сценариден туады» деген сөз бар. Аталмыш шығармашылық туындының сценариін жазған - белгілі саясаткер Әлібек Жақсыбеков. Қоюшы режиссері - Эльдор Оразбаев, басты рольдерді сомдаған әртістер қатарында Дарья Мороз, Фархат Аманқұлов, Константин Стрельников, Михаил Жигалов, Байкенже Бекбаев және басқалар. Кинодағы оқиғалар мемлекетіміздің Астана, Алматы, Талдықорған қалаларында және Ресейдің Анапа мен Мәскеу қалаларында түсірілген. Өткен жылдың қыркүйек айында               фильмнің премьералық көрсетілімі Қазақстанның барлық қалаларында өтті. Айта кетерлігі, қазақстандық киноөнім Ресейдің Анапа және Сочи қалаларының киносүйер қауым назарына да ұсынылды.
Көпшіліктің ыстық ықыласына ие болған фильм бірнеше халықаралық кинофестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Атап айтатын болсақ, былтыр Мәскеуде өткен «Детектив фест» фестивалінде бас жүлдені иеленген. Ал Киев қаласында өткен «Алтын Георгий» фестивалінде «Үздік сценарий» аталымы бойынша марапатқа ие болған.
- Бүгінде Қазақстанда кино өндірісі қарқынды дамуда. 2000 жылдары мемлекетіміздегі кино ісіндегі дағдарысты қазіргі кезеңмен салыстыруға келмейді. Қазақстанда бір жылда 15 толық метражды            көркем фильм мен 30 деректі, мультипликциялық, ғылыми-танымдық фильм түсіріледі. Бұл – қуантарлық жайт, - деді Т.Мерекенов.

 

А.ӘДІЛБЕК.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Сәуір 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 23 24
25 26 27 28 29 30