БИ ҰЖЫМДАРЫ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

«Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығында  V аймақтық дәстүрлі «Ертіс толқыны» атты би ұжымдарының байқауы өтті. Биылғы шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, сондай-ақ, халықаралық би күніне орай ұйымдастырылды. Қазақ халқының би өнерін кеңінен насихаттап, сонымен қатар, би ұжымдары арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік тудыру мақсатын көздеген сайысқа Қарағанды, Шығыс Қазақстан және біздің облыстан 13 би тобы қатысты.
Республикалық өнер сайысын ұйымдастырушылардың бірі - «Шаңырақ» орталығының бөлім меңгерушісі Гүлбайрам Шәріпқызының айтуынша, шарада барлығы 300-ден астам биші өнер көрсетті.
- Сайыс талабы бойынша олар үш түрлі би орындады. Бишілердің өнерлері екі санат бойынша сарапқа салынды. Бұл байқауға қатысушылардың саны жылдан-жылға көбеюде. Май ауданының би ұжымы осы жолы бірінші рет қатысуда, - деді ол.
Ақсу қаласының «Фантазия» би ұжымы құрамында 14 өнерпаз қыз бар. Олар бұған дейін түрлі деңгейдегі бірқатар байқауларға қатысқан. «Бұл жолы «Асыл мұра» атты қазақ халқының биін және қазіргі заман билерін орындап шықтық. Осындай сайыстар көптеп ұйымдастырылса, шеберлігіміз шыңдалары сөзсіз», - дейді олар. Ал Семей қалалық мәдениет сарайы жанындағы «Котнаби» корей халықтық ансамблінің сахна төрінде өнер көрсетіп жүргеніне 11 жылдың жүзі болыпты. Бишілер тобы қаламызда өткен байқауда «Тәуелсіздік жолында» деген шағын композициясы мен «Роза» атты корей халықтық биін орындады.  
Олардың шешімімен байқауда кәсіби шеберлік танытқан облыс орталығындағы №12 мектептің «Қызғалдақ» би ансамблі алғашқы санат бойынша жеңімпаз атанды. Павлодар аудандық «Үміт» би ұжымы да екінші топта бірінші орынды иеленді.


Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31