ЖАЯУ МҰСА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

 

    Биыл атақты жерлесіміз, әнші, композитор, әділеттік жолындағы күрескер Жаяу Мұса Байжановтың туғанына 175 жыл толып отыр. Осы мерейтойға арнап облыстық «Замандас» ардагерлер үйі Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейімен бірге «Жігіттер, шамаң келсе, маған ұқса!» деген тақырыпта шара өткізді.
-Осының алдында қазақтың атақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын насихаттау мақсатымен зиялы қауым өкілдері қатысуымен кездесу өткізген едік, дейді «Замандас-Павлодар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қабидолла Шәкәрімов. - Ол ойдағыдай өтіп, қатысушылар үлкен рухани нәр алды. Енді біз Жаяу Мұсаның 175 жылдығын атап өткенді жөн көрдік. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі осы ойымызды жүзеге асыруға көмектесті.
     Осы музейдің қызметкері Ербол Қайыров Жаяу Мұсаның өмірі және шығармашылық қызметімен жете таныстырды.
    Достық үйінен келген өнерпаздар кездесуді қыздырды. Василий Илющенко қазақ тілінде ән шырқаса, Бағжамал Аққозинова өз өлеңдерін оқып берді. Өзін Жаяу Мұсаның ұрпағымын деп таныстырған Әсел Ботаева домбырасымен ән шырқап, Жаяу Мұса әндерін қалықтатты. Бұл жиналған жұрттың көңіл-күйін көтерді.
    «Замандас» ардагерлер үйінің тыныс-тіршілігін білу үшін осында келген облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Жаяу Мұсаға арналған шығармашылық шараға қатысушылардың бірі болды. Ол ардагерлер үйіндегі ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған мұндай игі істерді қолдайтынын білдірді. Іссапармен біздің облысқа ат басын тіреген Қазақ ұлттық өнер университетінің домбыра кафедрасының меңгерушісі Дүйсен Орынбай да қонақ болып, алған әсерлерін «Замандас» үйі кітабына жазып қалдырды.


Ө.РҮСТЕМОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 25
26 27 28 29 30 31