ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР ШЫРҚАЛДЫ

«Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығында Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 66 жылдық мерейтойы, сондай-ақ, Отан қорғаушылар күніне орай «Сарбаз конверті» атты әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. Шараға Ақсу, Екібастұз қалалары мен облыстың бірқатар аудандардың сайыскерлері қатысты.

Байқау талаптары бойынша қатысушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы патриоттық әндерді шырқады. Кеште айтылған «Әлия», «Ескерткіш», «Қазақтай ел қайда» сынды ел жадында мәңгіге сақталып қалған әндер көрерменнің ерекше ықыласына ие болды.

Қазылар алқасының шешімімен І орынды Екібастұз қаласының намысын қорғаған Б.Жылқыбаева, ІІ орынды Павлодар қаласынан қатысушы М.Ахметжанов иеленді. Ал үшінші орын Ақтоғай ауданының өнерпазы Б.Қаппасовқа бұйырды.                  

                                      А.ШАКУ, «Замандас» жастар клубының мүшесі.  

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31