ЖЫР АЛАМАНЫ

 

Жуырда Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының және «Ана тілі» оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай дүбірлі айтыс болып өтті.

«Ғасырлар жырлайды» деген тақырыппен  өткен сөз додасына өңіріміздің 16 ақыны қатысты.

Шараның ашылуында сөз алған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Т.Әбілқасымов жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан айтыстың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын атап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сөз көрігін қыздырған ақындар туған ел мен жердің толағай тарихы, еркіндік жолындағы боздақтардың арманы мен мұраты, жастар өнегесі тақырыптарында кеңінен жырлап бақты. Жұртшылықты орайлы әзілдерімен баурап, қарсыласын қағыта айтысқандар да болмай қалған жоқ.

Тартысты өткен жыр аламанының қорытындысы бойынша «Бас жүлде» өзгелерден оза танылған Қуанышбек Шармановқа бұйырса, бірінші орыннан Бейбіт Бөжен көрінді. Сондай-ақ, екінші орынды Оңғар Қабденов, үшінші  орынды Аспанбек Шұғатаев иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жарқынбек АМАНТАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31