“ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ТАҒЫЛЫМЫ”»

 

«Халықаралық музейлер күні» дәстүрлі түрде жыл сайын бүкіл дүние жүзінде 18 мамырда аталып өтеді. Осы күні әлем елдерінің музей қызметкерлері тұрғындар мен қала қонақтарына рухани азық ордасының есігін айқара ашып, игі жаңалықтарымен бөліседі.

Қазақстанда бұл күнмұражай ісімен шұғалданатын белгілі бір сала мамандарының ғана емес, сондай-ақ еліміздің мәдени мұраларын сақтап, жұртшылыққа насихаттауға жанашырлық танытқан адамдардың төл мерекесі болып саналады.

Көпшілік арасында «Музейлер қаласы» деген атауға ие болған Павлодар шаһарында осындай қастерлі бес орын бар екен. Сондай-ақ, облысқа қарасты Ақсу, Екібастұз қалалары мен Шарбақты және Баянауыл аудандарындағы музейлер де халық тарапынан сұранысқа ие. Солардың қатарындағы 1945 жылы негізі қаланған Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне бірегей, әрі тарихи құнды жәдігерлер топтастырылған.

18 мамырХалықаралық музейлер күнін жыл сайын атап өтуді әдетке айналдырған музей ұжымы биыл да қалалықтарды қуантып отыр. Олай дейтініміз, дәл осы күні Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Түркістан қаласындағы «Әзірет сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының «Тәуелсіздік және Түркістан тағылымы» атты көрме ашылмақ. Көрмеге келушілер назарына ХVІІ-XVІІІ ғасырларда Хан ордасынан табылған археологиялық, нумизматикалық материалдар мен жазба мәдениетіне, Әмір Темір дәуіріне жататын Лауха (қоладан жасалған ту), Тайқазан сынды тарихи жәдігерлерінің көшірмелері мен түпнұсқа шырағдандар, сонымен қатар, Тәуелсіздік кезеңіндегі қасиетті Түркістан қаласы экспозициясының көрінісі ұсынылмақ. Көрме үстіміздегі жылдың 18 маусымына дейін жалғасады.

А.ӘДІЛБЕК.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31