ОРТАҚ МЕРЕКЕ

Бұрнағы күні Павлодар қаласында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, «Ана тілі» оқу-әдістемелік орталығының, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Славян жазбалары мен мәдениеті күндері» атты фестиваль өтті. Қазіргі өркениет тарихында кириллица жазуы мен славян халықтары мәдениетінің әлем кеңістігіндегі ролін арттыру мақсатын көздеген шараға өңіріміздің қалалары мен аудандарының тіл мамандары және облыстағы этно-мәдени бірлестік өкілдері қатысты.

Облыс бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының меңгерушісі Сейсембай Жетпісбаев  жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтай отырып, көпұлтты Қазақстан халқы үшін бұл мейрамның мән-мағынасы зор екендігін тілге тиек етті. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы Талғат Әбілқасымов тілдерді дамытуда белсенділік танытқан бірқатар этно-мәдени бірлестік мүшелерін Алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Славян халықтарына ғана емес, сонымен қатар барша қазақстандықтардың ортақ мерекесіне арналған фестиваль барысында славян жазуының тарихы жайлы театрландырылған көрініс көрсетіліп, жергілікті этно-мәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламасы ұсынылды.

  А.ӘДІЛБЕК.  

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 28 29
30 31