ӨНЕР ТАРЛАНЫНА - МӘРТЕБЕЛІ МАРАПАТ

 

Қазақ өнерінің әлемге танылуыхалқымыздың дүниежүзілік мәдениет кеңістігіне қосқан үлкен үлесі, ең қымбат қазынасы, асыл мұрасы. Бүгінгі таңда мұндай ұлттық құндылықтардың жалпыхалықтық, мемлекеттік қамқорлықтың арқасында өсіп-өркендеп, қанатын кеңге сермеуі - баршамыз үшін зор мақтаныш. Қазақстандық өнер саңлақтарының шет елдердегі әйгілі болуы - ел Тәуелсіздігінің 20 жылында қол жеткізген толағай табыстарымыздың бірі екені сөзсіз. Өнер тарландарының арасында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы, Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, халықаралық шығармашылық академиясының академигі Шахимардан Әбіловтің орны бөлек. Олай дейтініміз, қазақстандық өнерді әлемге танытуды мұрат еткен ол жуырда халықаралық шығармашылық академиясының «Даңқ» орденімен марапатталды.

Биыл дүниежүзі бойынша 23 тұлға ие болған. Айта кетерлігі, Қазақстан өнерінің кемелденуіне, әлемдік мәдениетке қымбат қазына қосқан Ш.Әбілов осындай жоғары дәрежелі марапатқа ие болған  қазақстандық алғашқы өнер тұлғасы. Өзінің шығармашылық және ұстаздық жолында халықаралық деңгейдегі түрлі байқаулардың 14 лауреаты мен 10 гран-при иегерін өсірген.

  - Өнер дегенсөнбес махаббат, - дейді Шахимардан Қайдарұлы. Оның айтуынша, халықаралық шығармашылық академиясының «Даңқ» орденіне ие болуТәуелсіз еліміздің ортақ жетістігі. «Тәуелсіздіктің самал желі ескен 20 жылда еліміздің экономикасы мен өнері төрткүл әлемге танылды. Бұл - егемендігіміз бен жерімізді мекен еткен халықтың бірлігі арқасында қол жеткізген жетістігіміз», - деп атап өтті Шахимардан Қайдарұлы. Атап өтерлігі, Қазақтың классикалық өнерін асқақтатқан Ш.Әбілов жуырда халықаралық шығармашылық академиясының корреспондент мүшелігіне бірнеше өнер тұлғаларын ұсынған екен. Нәтижесінде, оның оқушысы, Абай атындағы опера театрының солисі Дина Хамзина мен біздің облыс орталығындағы Чайковский атындағы музыкалық колледждің директоры Виктор Денисенко  шығармашылық академиясының корреспондент мүшесі атанды.

А.ЕСІМХАНОВА.

Суреттерді түсіргенТ.Нұрғазы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28
30 31