«Шаңырақ» халық шығармашылығы және ойын-сауық орталығында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Шаңырағыңа берік бол» атты отбасылық ансамбльдер байқауы өтті. Жанұялардың дәстүрлі додасына аймағымыздың түкпір-түкпірінен келген өнерлі әрі шығармашыл 12 отбасы қатысты.
Байқау шарты бойынша әр отбасы туған жер тақырыбында және өздерінің қалауы бойынша әндерді асқан шеберлікпен орындап берді. Отбасылық сайыстың барлық бөлімдерінен сүрінбей өтіп, алға суырылып шыққан Ақсу қаласының Омарғалиевтер отбасы бірінші орынға ие болды. Екінші орын тұғырынан Май ауданының намысын қорғаған Таласовтар отбасы көрінді. Ал павлодарлық Қанашевтер мен шарбақтылық Құрметбек Хафиздің жанұясы үшінші орынды өзара бөлісті.
М.ӘБУТӘЛІПОВА,
Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы
және ойын-сауық орталығының маманы.

