«ҰЛТТЫҚ ЖАУҺАР»

 

Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Инновациялық даму» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық жауһар» атты көрме өтті. Шара ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналды.

Ұлттық өнерді, мәдениет пен салт-дәстүрді  насихаттау мақсатында өткен көрмеге халық руханиятының сарқылмас қазынасықолөнер бұйымдары қойылды.

Темірге тіл, жаңқаға жан бітірген жерлес шеберлер қала тұрғындары назарына жоғары талғампаздықпен жасалған  еңбектерін ұсынды. Он саусағы майысқан қолөнер шеберлері қатарында ҚР Мәдениет қайраткері Нұрбек Әділбеков, суретші, қолөнер шеберлері Майса Қамысбайқызы, Мелжан Сыдықов, Саид Сағындықов, Қуандық Баязитовтар болды. Олардың  қолынан туған ұлттық музыкалық аспаптар мен киімдер, ыдыс-аяқтар және тағы басқа бұйымдар жұртшылықты тәнті етті.

Өз тілшіміз.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30