Жақында Павлодар қаласындағы №120 қазақ балабақшасында Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бірлескен жоспары бойынша «Ертегілер еліне саяхат» атты көрме ұйымдастырылды. Оны аталмыш балабақшаның ересек және даярлық топтарының балалары тамашалады. Музей қызметкері Гүлшәйкен Аятова балғындарға ертегілердің шығу тарихы мен мазмұны жөнінде кеңірек әңгімелеп берді.
Көрме барысында балабақша тәрбиеленушілері ертегілердегі кейіпкерлермен бірге ән салып, жануарлардың іс-әрекеттерін көрсетті.
Мұндай сахналақ ертегілер балаларды шыдамдылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді, сөздік қорларын молайтып, тіл байлықтарын, ой-өрістерін дамытады. Сол үшін осындай шаралар жиі өткізіліп тұрса деймін.
Әсем ШЫНҒАЖЫНОВА,
ата-ана, Павлодар қаласы.

