Лебяжі аудандық мәдениет үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен көрнекті ақын М.Мақатаев атындағы аудандық байқау өтті. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және өлеңдерімен шығармаларын жас ақындардың жадына сіңіру және әдеби шығармаларға баулу мақсатында ұйымдастырылған.
Сайыс М.Мақатаевқа арнау, ақынның бір өлеңін жатқа оқу, «Ана тілім – бақытым» тақырыбындағы авторлық шығарма және «Жырсандықтан» аталатын төрт бөлім бойынша өтті. Байқауға ақын өлеңдерін жандарына жалау еткен жас өнерпаздар қатысып, бақтарын сынады. Ақиық ақын жырларын мәнерлі де мәнді етіп оқи білген Қарақала ауылының өнерпазы Айгерім Баймулдина сайыскерлердің ішінен суырылып алға шығып, Павлодар облысында өтетін М.Мақатаев атындағы ІІІ облыстық ақындар байқауына жолдама алды. Екінші орын Малыбай селолық округінен келген Айнұр Рымғожинаның еншісіне бұйырды. Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Т.САХАБА.


Пікірлер
Саф алтындай поэзияға болдың жақын .
Адамзат баласының мұңын мұңдап,
Мына жарық жалғанды «отауым» деп.
Сол отаудың шаңырағын, ән- әуенін,
Керегесін, түндігін, еркелерін,
Күйін тыңдап, тосылмай толғап,
Поэзияны көгінде әуелеттің.
Қарасаздың Қарасуындай мөлдір едің,
Даласындай қазақтың жомарт едің,
Баладай сенгіш, инабат- ізет алдымен еске түсіп,
Тарлан талант, ғажайып ақын, жапмозы жырдың.
Бас иіп махаббаттың иесіне
Таласып әр ақынның кеңесіне
Талай үлес қостың өмір үлесіне,
Талай қуат қостың көңіл егесіне.
Сыңарың қалды поэзия жазылмаған.
Дәптерің қалды парағын аудармаған,
Сырларың қалды көңілде айтылмаған.
Өмірің қалды артыңда жалғаспаған,
Өлмейді өлең жүрекке елдің жол тапқан
Талай жанның жансарайын жаңғыртқан
Көрінбес көзге, құпия-сырлы бояулары
Айызын адамзаттың сан қандырған
Ән болып жүр жырларың бұл- бұл көмейінде,
Маңдайға жазылғанға көнемін де.
Жақсы жан аллаға да керек шығар,
Дегізбеді осы күнде «ақиық» ақыным бар!
....... .Жүректен шыққан арнауыма
Аруағы атамның ырза болса,
Киелі міндетімді орындадым.
Қара өлеңнің алдында
Медеуова Перизат
Сырбаз мінез ақиық арлан ақын,
Саф алтындай поэзияға болдың жақын .
Адамзат баласының мұңын мұңдап,
Мына жарық жалғанды «отауым» деп.
Сол отаудың шаңырағын, ән- әуенін,
Керегесін, түндігін, еркелерін,
Күйін тыңдап, тосылмай толғап,
Поэзияны көгінде әуелеттің.
Қарасаздың Қарасуындай мөлдір едің,
Даласындай қазақтың жомарт едің,
Баладай сенгіш, инабат- ізет алдымен еске түсіп,
Тарлан талант, ғажайып ақын, жапмозы жырдың.
Бас иіп махаббаттың иесіне
Таласып әр ақынның кеңесіне
Талай үлес қостың өмір үлесіне,
Талай қуат қостың көңіл егесіне.
Сыңарың қалды поэзия жазылмаған.
Дәптерің қалды парағын аудармаған,
Сырларың қалды көңілде айтылмаған.
Өмірің қалды артыңда жалғаспаған,
Өлмейді өлең жүрекке елдің жол тапқан
Талай жанның жансарайын жаңғыртқан
Көрінбес көзге, құпия-сырлы бояулары
Айызын адамзаттың сан қандырған
Ән болып жүр жырларың бұл- бұл көмейінде,
Маңдайға жазылғанға көнемін де.
Жақсы жан аллаға да керек шығар,
Дегізбеді осы күнде «ақиық» ақыным бар!
....... .Жүректен шыққан арнауыма
Аруағы атамның ырза болса,
Киелі міндетімді орындадым.
Қара өлеңнің алдында
RSS лента .