Астана күніне және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Павлодар қаласындағы №8 балалар кітапханасында «Астана – бас қала» атты бүлдіршіндерге арналған шығармашылық кеш өтті.
Шараның басты мақсаты жасөспірімдер арасында отансүйгіштікті насихаттап, ел ордасы Астанаға деген махаббаттарын арттыру болды. Балаларға арналған шығармашылық кеш кітапхананың оқу залында өтті. Кеш барысында балалар Астана туралы өлеңдер оқып, ән шырқады. Сондай-ақ, балғындар назарына «Қазақ елі» атты бейнефильм ұсынылды.
Кітапханашы С.Власова кішкентай оқырмандар арасында «Өз астанаңды білесің бе?» деген тақырыпта сауалнама жүргізіп, Астана тарихына байланысты шолу жасады. Кеш павлодарлық әнші Серік Мұсалимовтің орындауындағы «Здравствуй, столица» әнімен аяқталды.
Сандуғаш ҚҰМАЛАҚОВА,
№8 балалар кітапханасының кітапханашысы,
Павлодар қаласы.

