«ЖАСЫБАЙ ТОЛҚЫНЫ - 2010»

     Қазір қазақ жастары арасында әзіл-қалжың ойындары, әр түрлі жобалар барынша өріс алған және олардың маңызы мен мәні зор. Солардың бірі – кең ауқымды қамтыған қазақ КВН-і. Аталмыш ойынның ұйымдастырылуы мемлекеттік тілді дамытуға зор үлес қосып келе жатыр. Әдемі әзіл мен ұтымды қалжыңды серік еткен жастардың қазақ тілін насихаттауда көп еңбек етіп жатқандарын атап өткен жөн болар. Аудан, облыс, республика көлемінде өткізілетін КВН ойыындары бұған дәлел бола алады. Бүгінгі таңда республикалық дәрежедегі «Ертіс бойы» лигасы, «Жасыбай толқыны» жазғы фестивалі біздің аймағымызда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
     Өнерлі өрендер тамыз айының 3-5 аралығында киелі өлке Баянауыл баурайында, Жасыбай көлінің жағасында «Жасыбай толқыны-2010» жазғы фестивалінің кубогін сарапқа салды. Республикамыздың Астана, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Атырау, Қарағанды, Жаңаөзен, Павлодар қалаларының көңілді әрі тапқыр жастары тамаша әзіл кешін сыйлады. Бір ерекшелігі - 2008 жылы бастауын алған «Жасыбай толқыны» ойынына алдыңғы жылдармен салыстырғанда көп команда келді.
     Әзіл сахнасында өзіндік қолтаңбалары бар белгілі командалар – қызылордалық «Қызықорда», тараздық «Тараз-2000», астаналық «Спарта», жерлестеріміз «Дарын.kz» командаларымен қатар, өз деңгейлерінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізген атыраулық «Жерұйық», шымкенттік «Сөз тимесін», жаңаөзендік «Мұнай тамшылары», Қарағанды және Жезқазған қалаларының жастарынан құралған Қарағанды құрамасы тамаша ойын өрнегін көрсете білді. Бұл жиналған жұртшылықтың ыстық ықыласынан аңғарылды. Әзілсүйер қауымның көптен күтетін ойынына айналған «Жасыбай толқыны» жазғы фестиваліне келген көрермендер саны да көп болды.
     Қазақстан КВН Одағының Президенті Есен Елеукен фестивальді жүргізді.
     Қатысушылардың әзіл-қалжыңдарына Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова бастаған қазылар алқасы баға берді. Қазақстан КВН Одағының атқарушы директоры Нағи Бақытбеков, бас редакторы Рүстем Елжанов, Павлодар облысындағы өкілдігінің төрағасы, республикалық «Жасыбай толқыны» жазғы фестивалінің директоры, ұйымдастырушысы Әділ Жұмекенов, Қазақстандағы ірі жобалардың бірі, әлем халқын дүр сілкіндірген «Екі жұлдыз» жобасының бас редакторы Әсел Хайролла қазылар алқасының мүшелері қатарында болды.
     2008 жылғы жеңімпаз астаналық «Аграрка сарбаздары», 2009 жылы жеңіске жеткен «Тараз-2000» командаларының ізін қазылар алқасының шешімі бойынша елордалық «Спарта» командасы жалғастырды. «Жасыбай толқыны-2010» жазғы фестивалі кубогінің иегері «Спарта» командасы екінші мәрте қатысып отыр. Жеңістің биік тұғырынан көрінген командаға алдағы уақытта да осындай жетістіктерге жетуге тілектеспіз!

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА,
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті.
Баянауыл ауданы.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31