ҚАЗАҚ КӨГІНДЕ ҚАЛЫҚТАҒАН «ВАЛЬС КОРОЛІ»

 

 

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына - 80 жыл

     Тың және тыңайту жылдарында қазақ халқы арасында рухани күш берген Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні болды десек артық айтпаспыз. Оған аталған әннің тыңдарман қауымның жүрегінен орын алғаны айғақ. Ал 2006 жылдың қаңтар айында «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Әнұран болып бекітілді. Бүгін мемлекетіміздің ресми әнін жазған, талантты да дарынды тұлға, «Вальс королі» атанған музыка өнерінің майталман шебері, қазақтың өнердегі жарық жұлдызы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Сазгер Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданының Шәуілдір ауылында дүниеге келген.
      Жас Шәмші өзі ән айтпаса да, тыңдағанды қатты ұнатқан екен. Оны музыкалық жанр, толқынданған сиқырлы саз ырғағы ерекше қызықтырған. Әнге деген сүйіспеншілік асыл арманға айналды. Болашақ сазгердің үкілі арманы орындалып, 1955 жылы Ташкент музыкалық училищесінің музыкалық теория бөліміне қабылданды. Музыканың қыр-сырын терең ұғуға талпынған ол 1956-62 жылдары Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) композиция бөлімін тәмамдады. Шәмші Қазақ ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соны леп ала келген сазгер. Оның ән мұрасы өте бай. Қалдаяқовтың халыққа кең тараған әндері «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Кешікпей келем деп ең», «Бақыт құшағында», «Қуаныш вальсі», «Әнім сен едің», «Қайықта». «Бәрінен де сен сұлу», «Ақ бантик», т.б. бар. Қалдаяқовтың әндері белгілі әртістер Р.Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Төлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева және Р.Рымбаеваның репертуарында берік орын алды.
      Музыка өнерінде баға жетпес бай қазына қалдырған, тыңдаушыларының жүрегінен өзіндік ерекше орын алған, ұшқыр талант иесі, тамаша сазгерді халық қашанда құрметтей бермек. «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өшпестей ғып соңында із қалдырған»,-деп Абай атамыз айтқандай, Шәмші есімі қазақ елімен бірге жасай бермек. Соның куәсі ретінде сазгердің өнеріне бас иген қауым оның есімін асылындай құрметтеп, жас ұрпаққа уағыздаумен келеді. Шымкент қаласындағы облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке – Шәуілдірдегі музыка мектебі Шәмші Қалдаяқов есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдында Қалдаяқовқа ескерткіш бюсті орнатылған. Композиторге 1965 жылы Комсомол сыйлығы, 1991 жылы Қазақ халық әртісі атағы берілді. 1991 жылы Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық Т.Ахметов режиссерлік еткен «Жылдарым менің, жырларым менің» деректі фильмі түсірілді. 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді. Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық байқау-фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
      Сазгердің мерейтойына арналған жыл сайынғы өткізілетін әдеби-мәдени кештер оны жаңа қырынан танытып, дәріптей бермек.


Айгүл САИТОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31