ДЖАЗБЕН ӘРЛЕНГЕН КЕШ

       Дирижер Виктор Шейкин басқарған Павлодар облыстық джаз оркестрі өз концертін Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 15 жыл толу мерейтойына арнады. Асқан шеберлердің орындауындағы лирикалық әуендер мен классикалық джазды көрермендер зор қуанышпен қабылдағандарын жасырмады.
       Оркестр жетекшісі Виктор Шейкин өңдеген соғыс жылдарына арналған әндер мен Кира Шейкинаның орындауындағы джаз әуендері павлодарлық жамағатты тәнті етті. Әсіресе, Құрманғазының «Балбырауын» күйін джаз нақышына салып орындаған Жасқайрат Орынбаев пен Оксана Петрушкина қошеметке бөленді. Сондай-ақ, оркестрдің орындауындағы «музыкалық коллажы» да тамаша орындалды.
       Классиканы, лирикалық эстрада музыкасын орындаған джаз оркестрі жаңа маусымның ашылуына дайындалып жатыр екен.

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30