Жуырда Қашыр ауданы Калиновка ауылында жеке кәсіпкер Асқар Смағұлов қасиетті Рамазан айы мен Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдығына орай мәдени шара ұйымдастырды. Оған Калиновка ауылының тұрғындары қатысты. Сондай-ақ, мәдени шараны ұйымдастыруда ауыл тұрғындары Бауыржан Асылбеков пен Жексенбай Бапанов белсенділік танытты. Калиновка ауылының зиратында жерленген аруақтардың рухына дұға бағышталып, ұлттық ат спорты ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.
Ләйлә НҰРМАҒАНБЕТОВА.

