ҚАЛАМГЕР ЖҮЛДЕ АЛДЫ!

       «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Елім деп соққан жүрегім» атты жалпы республикалық байқау ұйымдастырған болатын. Еліміздегі жетекші партия жүзеге асырған аталмыш байқаудың басты мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі табыстары мен қол жеткізген жетістіктерін, игі өзгерістерін, даму қарқынын жұртшылыққа паш ету, шығармашылық тұрғыда насихаттау, дәріптеу.
      «Ең үздік өлең», «Ең үздік проза» және «Ең үздік авторлық ән» номинациялары бойынша жарияланған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 500-ден астам шығарма ұсынылды. Маңызы мен мәртебесі, мақсаты мен ұстанымы зор болған байқауға елімізге танымал тұлғалардан құралған қазылар алқасы төрелік етті.
      Байқауға келіп түскен шығармалардың арасынан 23 жұмыс үздік деп іріктеліп, олардың әрқайсысына арнайы жүлделер табыс етілді. Осылайша, мыңнан озық, жүзден жүйрік шыққан шығарма авторлары Астана қаласына – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының орталық аппаратына шақырылып, салтанатты түрде жүлделерімен марапаттады.
      Айта кету керек, байқауда еліміздің дербес те азат мемлекет ретінде қазірге дейінгі жетістіктерін, сол жетістіктерге Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың қосқан және қосып келе жатқан өлшеусіз үлесін, Елбасының халықаралық аренадағы беделі мен басқа да табыстарын шынайылықпен, сондай-ақ көркем де шұрайлы тілмен жеткізген Қазақстан және Моңғолия Жазушылар Одағының мүшесі, жерлесіміз Ақын Алақанұлы «Ең үздік проза» номинациясы жүлдесін жеңіп алды. Жерлес қаламгер байқауға өзінің «Азан» атты әңгімесін ұсынып, қазылар тарапынан жоғары бағаға қол жеткізді.
       «Нұр Отан» партиясының партия жұмысын ұйымдастыру жөніндегі департамент директоры Мұхтар Ерман байқауда бағы жанғандардың барлығын арнайы дипломмен марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыс етті.
       Біз жерлес жазушы, қарымды қаламгер Ақын Алақанұлын мәртебелі жүлдесімен құттықтап, қалам қайратын, деннің саулығын тілейміз. Алдағы уақытта қазақ әдебиетіне, сондай-ақ Ертістің Павлодар өңірінің шығармашылық дамуына қосар үлесі ауқымды болсын дейміз.

Асыл ӘБІШЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30